Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Әкімшілік құқық бойынша халықаралық онлайн-викторинадағы жеңісі үшін дипломдарды табыстау

2018 жылғы 14 мамырда институттың барлық тұрақты құрамы мен ауыспалы құрамының күнделікті сапқа түзелуі кезінде ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысын ұйымдастыру бөлімінің  бастығы Ресей ІІМ Воронеж институтының бастығы полиция генерал-майоры Александр Павлович Нахимовтан институт бастығы полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшевтің атына жолданған, ұжымға және білім алушыларға табысты ынтымақтастығы мен халықаралық ғылыми іс-шараларды жүргізудегі жоғары кәсіпқойлығы үшін ризашылық білдірген алғысхатты оқыды.

Соымен қатар, 1Б курсы Әмір Рақымбекұлы Зекен, Дана Мұратқызы Шарипова, Альбина Жандарбекқызы Нұрекенова және арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушылары Айдан Ноянұлы Мұрат, Аурика Ерланқызы Усманова дипломдармен марапатталды.

ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы

полиция подполковнигі

А.К. Каримбаева