Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ер азаматтар мерекесі

7 мамыр –  еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін мереке. 1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Жарлыққа қол қойды. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болғандықтан, «Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды.

Осы мерекеге орай, 2017 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ғ.Сулейманованың басшылығымен институттың әйел қызметкерлері институтта қызмет ететін барлық ер азаматтарды құттықтау үшін мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. 

Мерекелік іс-шараның ресми бөлімінде мерекелік бұйрық оқылып, қызметкерлерге кезекті анайы шендері мен бірқатар қызметкерлері ішкі істер министрінің және институт бастығының құқығымен марапатталды.

Мерекелік бағдарламада медицина бөлімшесінің мейірбекесі Б.Жұмағазина «Өзіңді аңсап» әнін, қаржымен қамтамасыз ету бөлімшесінің қызметкерлері М.Мухаматова, З.Калиева және Ж.Байшуаққызы «Сарбаздар» әнін орындап, полиция капитаны Г.Тоқпанбетова «Әйелдерге өсиет» өлеңін оқып, ҒЖжЖРБЖҰ бөлімінің редакторы А.Аманбаеваның қызы Т.Асқарова «Көңілді күн» әнін орындады. Полиция майоры С.Назарбаева, полиция майоры А.Сағынтаева, полиция майоры А.Сагинтаева «Три девицы» қойылымын көрсетіп, полиция подполковнигі А.Кәрімбаева, полиция майоры Л.Төребекова, полиция капитаны Р.Молдыбаева, кітапхана қызметкері М.Стамғазы, тәрбие жұмысы бөлімінің инспектор-психологі М.Исламгалеева, хатшылық инспекторы А.Базарова «Испан биін» билеп көрермендерді тамсандырды. Ер азаматтарға арналып викториналар мен сайыстар ұйымдастырылып, лэд-экраннан ер азаматтарға арналған бейнеролик көрсетілді.

Институтымызда жақсы бастау алған осындай мерекелік іс-шара алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы полиция капитаны З.А.Мухангалиева