Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

1 «А», 1 «Б» және 2 «А» курс курсанттарының арасындағы Ақтөбе қаласының 150-жылдығына арналған «Полицияда қызмет ету — менің таңдауым» тақырыбындағы үздік шығармалар байқауы

2019 жылғы 14-18 қаңтарда жалпы құқықтық пәндер кафедрасының апталығы аясында курсанттарының арасында «Полицияда қызмет ету —менің таңдауым» тақырыбындағы «Үздік шығарма» байқауы өткізілді.
Байқауға 15 жұмыс ұсынылды, оның ішінде, 10 жұмыс орыс тілінде,
5 жұмыс мемлекеттік тілде орындалған.
Аталған байқаудың жеңімпазы болып 2 «А» курсының 201 оқу тобының курсанты Зарина Забихова анықталды. Сонымен қатар, «Шығарма мазмұнының үздік идеясы» номинациясын 1 «А» курсының 105 оқу тобының курсанты Александра Ковалева және «Тақырыптың терең ашылғаны және шығарманың мазмұнын өздігімен терең зерделегені» үшін номинациясын
1 «Б» курсының 102 оқу тобының курсанты Азат Жолтай иеленді.
Жеңіске жеткендер институттың акт залында «Не? Қайда? Қашан?» викторинасы өткізілгеннен кейін марапатталды.

ЖҚП кафедрасының аға оқытушысы
полиция подполковнигі
З.Нұрыш

 
3