Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының базасында өткізілген «Жастар және ғылым» тақырыбындағы курсанттардың халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы

Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында «Жастар және ғылым» тақырыбында курсанттардың халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 1 А және 1 Б курс курсанттары С.Ж.Абдрахманова, З.Б.Дайрабай, Н.О.Әбдірей, А.Ж.Толыбаева, Б.Тлепов, Ж.И.Бейсеитов, И.Ж.Баситова, Т.Н. Дуйсенбай, Г.С.Аймуратова, А.Қ.Оңғарова, А.Н.Досқалиева, Т.Б.Кенебай, Д.М. Шарипова, А.М.Естаулетова, Ғ.Қ.Кәбір қатысып, жоғарыда аталған тақырып бойынша баяндамалар оқыды. Конференция жұмысы 9 секция бойынша өткізілді.

Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның нәтижелері бойынша Н.О.Әбдірей, Г.С.Аймұратова, А.Қ.Оңғарова, С.Ж.Абдрахманова, З.Б.Дайрабай үздік баяндамалары үшін дипломдармен марапатталды, қалған курсанттарға грамоталар тапсырылды.

Іссапар барысында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттар тобына ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысын ұйымдастыру бөлімінің инспекторы полиция аға лейтенанты Д.К.Каратикенова жетекшілік етіп, алып жүрді.

 

ҒЗжРБҰБ инспекторы

полиция аға лейтенанты

Д.К.Каратикенова