Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша Өзара ынтымақтастық туралы меморандум

2019 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті бастығы Расул Махмудович Медетов және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, кқауымдастырылған профессор (доцент),  полиция полковнигі, Айдар Муталикұлы Сайтбеков, институттың тұрақты және ауыспалы құрамы, өзара ынтымақтастық туралы бірлескен іс-шаралар жоспары мен Меморандумға қол қойды.

2019 жылы «Жастар жылы», Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында қол қойылған құжат, сондай-ақ құқық қорғау органдарында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын және «Ақтөбе-адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру шеңберінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясын жүзеге асыру бойынша бірлескен және келісілген іс-шараларды әзірлеу және іске асыру, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қабылданған шаралар тиімділігін арттыру болып табылады.

Институт бастығы Айдар Муталикұлы Сайтбеков өз сөзінде осы іс-шара ағымдағы жылдың 12 наурызында Ішкі істер министрі Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев пен ҚР МҚІ және СЖҚІҚАтөрағасы Алик Жатқамбайұлы Шпекбаевтың қоғам өкілдерімен өткен кездесуінің жалғасы екенін атап өтті. Онда 2019-2020 жылдарға арналған Ішкі істер министрлігініңЖол картасыреформасының негізінде әзірленген құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша іс-шаралар жоспарының жобасы талқыланды.

Сондай-ақ стратегиялық бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыру үшін: «100 нақты қадам» ұлттық жоспары, «Қазақстан-2050» Стратегиясы, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы талқыланып, сонымен қатар  «Ақтөбе-адалдық алаңы» жобасының шеңберінде  институтта 2019 жылды «Ашық ЖОО жылы» деп жарияланды.

Меморандум аясында бірнеше шаралар ұйымдастырылды. Жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры А.Ж.Жарасханның «Курсанттардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық шарттары» тақырыбында баяндамасы тыңдалды,МҚІ және СЖҚІҚА кубогына институттың «Институты Барысы»ауыспалы құрамы арасында «Қазақша күрес» турнирі өткізілді, сонымен қатар, фронт-офисті аралап, институтының аумағында «Адалдығы дүкені» ашылды.

Жарыстың қорытындысы бойынша 1 «А» курс 104 – оқу тобының курсанты Мухтаров Рахат Еркінұлы МҚІ және СЖҚІҚАбасшысының «Институт барысы» кубогын иеленді, 2 – орынды 2 «А» курс 205 -оқу тобының курсанты Болат Нұрлан Ерланұлы, 3 – орынды 2 «А» курс 204 – оқу тобының курсанты Қаражанов Арыстан иеленді.

ЖҚП кафедрасының аға оқытушысы

полиция подполковнигі

З.Нұрыш

 
ms4 01