Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«САПАЛЫ БІЛІМ – ЗАМАН ТАЛАБЫ» оқу-әдістемелік жиынын өткізу туралы

Казахстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2017 жылдың  30 қыркүйегінде «САПАЛЫ БІЛІМ – ЗАМАН ТАЛАБЫ» оқу-әдістемелік жиыны өткізілді.

Оқу-әдістемелік жиында институттың профессорлық-оқытушылық құрамынан басқа С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті әлеуметтік -құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., доцент, Ph.D докторы Райса Шамшеддиновна Жумагазиева, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы педагогика және психология магистрі Саманта Шекернаевна Изтлеуова, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, педагогика және психология магистрі  Динара Турсынхановна Комарова, ауылшаруашылық мамандықтары кафедрасының аға оқытушысы Фариза Кайратовна Кайратова, ауылшаруашылық мамандықтары кафедрасының аға оқытушысы Асемгуль Темирхановна Бахтыгалиева және К.Жубанов атындағы АӨМУдегі тоқтамайтын білім беру  институтының әдіскері, экономика магистрі Жанат Сундетовна Кельбетова қатысты.

Іс-шара институт бастығы полиция полковнигі С.И. Каракүшевтің алғы сөзімен ашылды. Оқу – әдістемелік жиынның бағдарламасына сәйкес сағат 10-00–11-30 аралығында өз баяндамасын институт бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Д.А.Даулетияров, жоғарыда айтылып кеткен К.Жубанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінен және С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінен шақырылған өкілдер, оқу-әдістемеік орталығының бастығы полиция подполковнигі Р.Ө.Молдашев, сонымен қатар, институт кафедраларының бастықтары, орынбасарлары және доценттер оқыды.

Оқу-әдістемелік жиын қатысушыларының баяндауларынан кейін ұсыныстар берілді.

         «Сапалы білім – заман талабы» оқу-әдістемелік жиынының қорытындысы сағат 12.00 – де институттың акт залында өтті, қатысушыларға сертификат берілді.

 

ОӘО аға оқытушы – әдіскері

полиция капитаны                                                           

Р.Б. Молдыбаева

 
11202264 LIS_5693-392xx294