Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

2 «А» курсы курсанттары арасында «Әкімшілік құқық білгірлері» тақырыбында викторина өткізілуі туралы

Әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі апталығы аясында       2018 жылғы  22 қарашада «ҚР Әкімшілік құқығы» тақырыбы бойынша  2 «А» курс 204 және 205 взводтың курстары арасында «Әкімшілік құқық білгірлері» тақырыбында ӘҚжІІО ӘҚ кафедра оқытушылары полиция майоры Мырзабаева Дәметкен Райымқызы және полиция майоры Калипова Сәуле Рахымжанқызы викторина өткізілді.
Викторинаға «Барыс» және «Ұлан» атты екі команда қатысты. Викторина екі кезеңнен тұрды: ғылыми ойын (сұрақ-жауап) және ситуациялық есептерді шешу. Командалар бірдей ұпаймен 1 – орынды  бөлісті.
Викторинаның мақсаты болашақ мамандардың арнаулы кəсіби қабілеттерінің дамуын анықтау, оларды ғылыммен, терең біліммен жəне құқықтану саласында біліктіліктерімен таныстырудан теориялық білім беру материалдарының даму деңгейін анықтайды жəне курсанттардың заңды ойлауын дамытуға мүмкіндік береді.
Тұтастай алғанда, қатысқан курсанттар пән бойынша білім мен дағдылардың жоғары деңгейін көрсетті.

ӘҚ және ІІО ӘҚ кафедрасының оқытушы
полиция майоры
Д.Р.Мырзабаева