Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Өткізілген үгіт насихат жұмыстары туралы ақпарат

 2017 жылғы 20-29 қараша аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының кәсіптік және қосымша білім факультетінің аға әдіскер оқытушысы полиция майоры Тулеуов Д. Қызылорда, Шымкент, Тараз қалаларында болып жоғары оқу орындары мен мектеп оқушылары арасында институтқа түсу жөнінде үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. Үгіт насихат кезінде түлектердің тарапынан қойылған сұрақтарына жауап берілді. Содан кейін үгіт насихатты мәлімдейтін институт деректері жазылған парақшалар мен календарлар оларға таратылды.

    20-21 қараша күндері Қызылорда қаласында үгіт насихат жұмыстары келесі жоғары оқу орындары мен мектептерде жүргізілді, олар:

  1. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті;
  2. «Болашақ» университеті;
  3. С. Сейфуллин атындағы №4 орта мектеп;
  4. Панфилов атындағы мектеп лицейі;
  5. №222 орта мектеп.

    22-24 қараша күндері Шымкент қаласында үгіт насихат жұмыстары келесі жоғары оқу орындарында  жүргізілді, олар:

  1. М. Әуезов втындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті;
  2. Шымкент университеті;
  3. М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті;
  4. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті;
  5. Оңтүстік Қазақстан халықтар достығы университеті.

Сонымен қатар «Оңтүстік рабат» газетінде Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына қабылдау ережелері 29 қараша және 6 желтоқсандағы нөмірлерінде жарыққа шықты және «Отырар» телеарнасына  ақпарат берілді.

24-27 қараша күндері Тараз қаласында үгіт насихат жұмыстары келесі жоғары оқу орындары мен мектептерде жүргізілді, олар:

  1. Тараз мемлекеттік педагогиалық университеті;
  2. М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті;
  3. Д. Карбышев атындағы №16 арта мектеп;
  4. Абай атындағы №26 орта мектеп.

Жамбыл облысының ауылдық аймақтары Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қабылдау ережелерімен таныс болсын деген мақсатта «Жамбыл-Тараз»2017 жылғы 29 қарашадағы  газетінің №48 шығарылымына институтқа қабылдау ережесін орналастыру туралы тапсырыс берілді.

 

КжҚБФ аға әдіскер оқытушысы

полиция майоры                                                                 

Д. Тулеуов