Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

БОЛАШАҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚЫСЫЛТАЯҢ ЭКСТРЕМАЛДЫҚ ЖАҒДАЙЛАРҒА ДАЙЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты базасында ІІО кадрларын даярлаудың  нысандары мен әдістерін үнемі жетілдіру жүзеге асырылуда. Аталған қызмет бағыттардың бірі — терең теориялық білімді меңгерген,  құқық қорғау қызметіндегі мол тәжірибесі бар қызметкерлерді оқу үдерісіне тарту  болып табылады.

Сонымен, ағымдағы жылдың 22 қазанында  алғашқы  оқыту курсының тыңдаушылары – орта басшы құрам лауазымдарына тағылымдамадан өтушілерге өткізілген тәжірибелік  сабаққа Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ-ның  инспектор-психологі полиция лейтенанты М.Р.Исламгалеева қатысты. Сабақтың тақырыбы “Психологиялық даярлық” пәні бойынша “Құқық қорғау қызметіндегі экстремалды шарттар мен  дағдарыстық жағдайлар” (кафедра бастығы, полиция полковнигі А.Ф. Саттарова).

Тыңдаушылар топтық жұмыс барысында М.Р. Исламгалеева ұсынған ІІО қызметкерлерінің төтенше жағдайлар мен ерекше жағдайларда әрекет ету іс-әрекеттерінің әртүрлі нұсқаларын жасады. Ерекше назар ұстамдылық пен батылдық, тапқырлық пен жедел іс-әрекет көрсету, сауатты және нақты әрекет ету дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға бөлінді.

Сабақтың соңында қызметтік борышын қалыптастыруға бағытталған “Скала” денеге бағытталған жаттығуы өзара серіктестік көмек сезімі мен  әріптестердің алдында жауапкершілікті нығайту үшін ұйымдастырылды.

Өткізілген сабақ бойынша тыңдаушылар ІІО қызметкерлерінің төтенше жағдайлар мен ерекше жағдайларда іс-қимылының арнайы білімі мен дағдыларын одан әрі жетілдіру қажеттілігі туралы қорытынды жасады.

ЖББП кафедрасының бастығы

полиция полковнигі 

А.Ф. Саттарова

 
12086165