Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 1201 «Арнайы бастапқы оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарының 2017 жылға арналған жоспар-кестелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2017 жылғы 15 мамыр мен 5 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына ІІО қатардағы және кіші басшы құрам лауазымына үміткер 74 тыңдаушы қабылданды. 

Қазақстан Республикасы ІІМ  2016 жылғы 27 желтоқсандағы №1194 «Арнайы бастапқы оқыту курстарының үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрығына сай оқу жоспары бойынша 10 негізгі пән және 3 факультатив пәндері оқытылды.

Оқу сабақтары институт бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарымен бекітілген кестеге сай жүргізілді.

2017 жылғы 20 мамырда  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы жолдауын тыңдаушыларға насихаттау жұмысы өткізілді. Оған облыстық мәслихат депутаты  А. Тулегенова, институттың профессорлық-оқытушылық құрамы, арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушылары қатысты. Аталған жолдау топ бойынша талқыланып, взвод кураторлары тыңдаушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

2017 жылғы 26 маусымда  ІІО қызметіндегі қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар пәні бойынша Ақтөбе облысы ІІД жедел басқару орталығына және 2017 жылғы 1-2 тамызда  кәсіби даярлық пәні бойынша Ақтөбе облыстық МКҚБ-ғашығу сабақтары өткізілді. Сабақ барысында оларға ақпараттық-іздеу құралдарының жаңа техникалық жетістіктері мен қызметтік  мүмкіндіктері  туралы  кең  мағлұмат берілді.

2017 жылғы 21 шілдеде атыс даярлығы пәнінің тақырыптық жоспарына сәйкес, қатардағы және кішіоқыту курсының тыңдаушыларымен 9 мм Макаров тапаншасынан №1 оқу-жаттығу және Калашников автоматынан әскери бөлімінің атыс алаңында тәжірибелік атыс өткізілді, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы ІІМ-нің бұйрығы және нұсқаулыққа сәйкес талаптары  түсіндірілді және алдын ала сынақ қабылданып, институт психологі тыңдаушылармен тесттік тексеріс жүргізді.

Арнайы бастапқы оқыту курсы барысында тыңдаушылармен өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес демалыс күндері Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрына «Ескерткіштің көз жасы» және «Қысылғаннан қыз болдық» атты қойылымдарды тамашалау  ұйымдастырылды.

 Тыңдаушыларды патриоттық тұрғыдан тәрбиелеу мақсатында           2017 жылғы  5 шілдеде  Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қабырғасында «Астана күні» мерекесіне арналған концерттік іс-шара өткізілді.

 Кәсіптік және қосымша білім факультетімен бірге психолог М.Ислямгалеева арнайы оқу орнына ауысып келген тыңдаушымен сауалнама жүргізді жәнеде оның жүріс тұрысы жайында, мінез құлқын, тәртіпке бағынуы туралы әңгіме жүргізді.

Курс соңында тыңдаушыларға арнайы бастапқы оқыту курсын оқып аяқтағандығы жөнінде сертификат беріліп, оқу барысында үлгілі нәтижелер көрсеткен, инстиуттың қоғамдық өміріне атсалыса қатысқан тыңдаушылар институт бастығының атынан алғысхаттармен марапатталды.

 
IMG-20180527-WA0026