Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ТМД елдері ІІМ жүйесінің білім беру ұйымдарының курсанттары мен тыңдаушыларының үздік ғылыми-зерттеу жұмысы халықаралық конкурсының финалдық турына қатысуы туралы

2019 жылғы 25 сәуірде «Қылмыстық іздестіру бөлімшелерінің қызметі» ТМД елдері ІІМ білім беру ұйымдарының курсанттары мен тыңдаушыларының үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарының халықаралық байқауы шеңберінде, Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2 «А» курс курсанты қатардағы полицейі Сабина Жанатқызы Абдрахманова Ресей ІІМ Омбы академиясында онлайн-режимде өткен халықаралық конкурстың финалдық турына қатысып, ғылыми-зерттеу жұмысы «Қылмыстық іздестіру бөлімшелерінің қызметін жетілдіру» тақырыбы бойынша ғылыми жетекшісі институт ЖІҚ кафедрасының доценті, з.ғ.м., полиция подполковнигі М.Ж. Найманбаевтың басшылығымен баяндама жасады.

Халықаралық конкурсының финалдық турында «Қылмыстық іздестіру бөлімшелерінің іздестіру жұмысы» номинациясы бойынша курсант С.Ж. Абдрахманова 1-ші орынға ие болып, кубокпен және дипломмен марапатталды.

Халықаралық байқауға қатысу және ғылыми-әдістемелік көмек көрсеткені үшін институт басшылығына, институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, з.ғ.к., полиция полковнигі Г.Ж. Сулеймановаға, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысы бөліміне шын алғысымызды білдіреміз.

ЖІҚ кафедрасының доценті

заң ғылымдарының магистрі,

полиция подполковнигі

М.Ж. Найманбаев

 
IMG_0763