Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің мұражайында болған экскурсия

2019 жылғы 10 қарашада ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2Б курс курсанттары полиция майоры Нұралы Нұрманбетовтің басшылығымен Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің мұражайына барды. Мұражай жетекшісі Утеулина Айша Әлішқызы экскурсия жүргізіп, Кеңес милициясының құрылу тарихы мен Қазақстан полициясының дамуы туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, курсанттар қызметтік міндеттерін орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерлерінің портреттері ілінген стендті тамашалай алды.

Жалпы танымдық экскурсия ұйымдастырылып, онда барлық қатысушылар жаңа нәрсе үйреніп, бос уақыттарын пайдалы өткізді. Алдағы уақытта осындай іс-шаралар жалғасын табады.

Дильмагамбетова Салтанат

2 Б курс курсанты

 
DSC_0045 03219161