Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақтөбе облысының ПД полиция қызметкерлері арасында өткен армреслинг пен гір спортынан чемпионаты

     2019 жылдың 24 ақпанында Ақтөбе қаласының «Жекпе-жек» спорт-алаңында Ақтөбе облысының ПД полиция қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдары кезінде  қызметтік борышын атқару барысында құрбан болған, ІІО қызметкерлері мен әскери жауынгерлерді еске алу бойынша «Естелік маршы» атты акциясы аясында, армреслинг пен гір спортынан жарыс өтті. Аталған шараның ұйымдастырушылары болып АДБ, ПД КЖБ және Ақтөбе облысының «Динамо» кеңесінің СДБ болды. Жарыстың мақсаты — салауатты өмір сүруге баулу және армреслинг пен гір спорт түрлерін дамыту.
     Жарысқа қатысушылар әртүрлі салмаққа бөлініп, бақ сынасты. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ӘжДШД кафедрасының оқытушысы, полиция капитаны Ж.Қ.Қаирбаев  қатысты.
     Жүлделі орын алған жарыс жеңімпаздарын Ақтөбе қаласының Полиция департаменті басытығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Г.Шыныбеков грамоталармен және медальдармен марапаттады.

ӘжДШД  кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
Каирбаев Ж.К.