Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақтөбе облысы ПД жедел-криминалистикалық басқармасында сабақ өтті

28 ақпан 2019ж. Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушылары , полиция подполковнигі Е. А. Церковнова және полиция майоры С. М. Минайдаров Ақтөбе облысы ІІД Жедел криминалистикалық басқармасының 102 оқу тобының 1 «Б» курс курсанттарының экскурсиялық сапарын ұйымдастырды. Аталған іс-шара қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының апталығы аясында, сондай – ақ Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2019 жылға арналған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жоспарына (поз.№ 11), «Криминалистикалық полигон жағдайында тәжірибелік сабақтарды оқытудың ерекшеліктері мен жетілдіру жолдары» тақырыбында ғылыми зерттеулер бойынша өткізілді.

«Криминалистика» пәнін оқыту сапасын жақсарту және практикалық бағыттағы оқу үдерісін ұсыну, алған теоретикалық білімдерін бекіту, сондай-ақ ІІО қызметкерінің таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында курсанттар Ақтөбе облысы ПД Жедел криминалистикалық қызметінің негізгі бағыттарымен танысты. ЖКБ қызметкерлері «Интеграцияланған деректер банкі», «Папилон», «Образ++», «Пулегильзотека» және күнделікті қызметте практикалық қызметкерлер қолданатын басқа да іздестіру жүйелерінің жұмыс істеу принциптерін түсіндірді және көрсетті.

Курсанттардың «Папилон», «Портрет» және «Пулегильзотека» бағдарламалары ерекше қызығушылық тудырды. «Папилон» автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттық-іздеу жүйесі сақтау орны болып табылады (құқық бұзушылар мен қылмыс жасағаны үшін тартылған адамдардың қолы мен алақанының саусақ іздерінің деректер банкі). Осы базаға қылмыс орнынан табылған және алынған қол мен алақанның саусақтарының іздері дереу енгізіледі, содан кейін ең қысқа мерзімде 10-15 минут ішінде оларды деректер базасында бар мәліметтермен салыстырып тексеру жүзеге асырылады, содан кейін сәйкес келген жағдайда қылмыс жасалған жерде қалдырылған қол саусақтарының іздері кімге тиесілі екені туралы жауап алынуы мүмкін.

«Портрет» бағдарламасы – бұл қылмыскерді сыртқы белгілері бойынша қысқа мерзімде және деректер базасындағы фотосуреттер бойынша табуға мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйесі. Сонымен қатар, ол қылмыскердің сыртқы келбетінің белгілерін сипаттау арқылы жәбірленушілер мен куәгерлердің тікелей қатысуымен және жедел жадыны пайдалану және қабылдау кезінде айғақтарының негізінде қылмыскердің композициялық портретін (фотороботын) жасауға мүмкіндік береді.

«Пулегильзотека» -автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйесі. Бұл жүйе ату оқтары мен гильзалар бойынша оқ ататын қаруды зерттеуге және сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Экскурсия аяқталғаннан кейін курсанттар Ақтөбе облысы ЖП КББ бастығының орынбасары полиция подполковнигі

О. С. Арықбаевқа және ЖБК аға криминалисті полиция капитаны Б. А. Ильжановқа Ақтөбе облысы ЖП сараптау – криминалистикалық қызметінің мүмкіндіктері туралы қызықты әңгімелері үшін, сондай-ақ криминалистердің тәжірибелік қызметіне қатысты сұрақтарға толық, толық жауап бергені үшін алғыстарын білдірді.

Қылмыстық  процесс және криминалистика
кафедрасыоқытушысы
полиция майоры
С.М.Минайдаров

 
IMG_7728