Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Бастапқы оқыту тыңдаушыларымен өткізілген психологиялық тренинг

Қазақстан Республикасы ІІМ №147 2008 жылғы 21 сәуірдегі бұйрығымен бекітілген «ІІО инспектор психологтардың мәртебесі мен өкілеттіктерін бекіту туралы ережесіне» сәйкес 2019 жылғы 5 – 15 маусым аралығында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында бастапқы оқыту тыңдаушыларымен бірігу, танысу және ұжымда тиімді қомандалық қарым-қатынас құру мақсатында психологиялық тренинг өткізілді.

Іріктелген тренингтік жаттығулар ұжымның ұйымшылдығын дамытуға, өзіне және әріптестеріне деген сенімділікті дамытуға бағытталған. Тренинг барысында тыңдаушылар арасында жалпы командалық рух қалыптасты,тренинг атмосферасының өзі жақсы және жағымды өтті. Әрбір жаттығуда тыңдаушылар үйлесімді жұмыс істеуге тырысты, бірлесіп талқылау жүргізіп, жаттығуларды орындаудың әр түрлі нұсқаларын ұсынды.

Тренинг соңында тыңдаушылар ұжымның ұйымшылдығы әр қатысушыға байланысты деген жалпы қорытындыға келді. Бір-біріне көрсетілген толерантты қарым-қатынас барлық команда үшін қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін біртұтас болуға мүмкіндік береді.

 
SAMSUNG CSC