Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Біліктілігін арттыру курсы тыңдаушыларының курсты аяқтауы

2018 жылғы 23-28 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау бойынша инспекторлар біліктілігін арттыру курсынан өтіп, аяқтады. 

         Біліктілікті арттыру курсы бекітілген оқу және тақырыптық  жоспарлары негізінде өткізілді.

2018 жылғы 23 сәуірде институт бастығының сап бөлімі жөніндегі көмекшісі полиция полковнигі К.М. Манапбаев және кәсіптік және қосымша білім факультетінің бастығы полиция полковнигі С.Гизатов институт алаңында тыңдаушылармен саптық тексеріс өткізді,  оларға қызметтік киім кию нысанын бұзбау туралы және күн ережесі түсіндірілді.

2018 жылғы 25 сәуірде кәсіптік және қосымша білім факультетінің бастығы полиция полковнигі С.Б.Ғизатов Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтарда жарияланған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндірді.

Оқу процесін тәжірибеге бағыттау мақсатында Ақтөбе қаласының құқық қорғау органдары мекемелеріне тыңдаушыларға арналған шығу сабақтары өткізілді. Атап айтсақ, ӘҚжІІО ӘҚ кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Н.Оразалин Ақтөбе облысы ІІД жедел басқару орталығына шығу сабақтарын ұйымдастырды.

       2018 жылдың 26 сәуірінде жалпы білім беру пәндері кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.Саттарова арнайы даярлық  пәнінен «Сущность религиозного экстремизма и терроризма. Подготовка сотрудников ОВД к психологическому противостоянию в борьбе с терроризмом и религиозным экстремизмом» тақырыбына білімді кеңейту және тереңдету, кәсіптік шеберлігін дамыту ашық сабағын өткізді.

2018 жылғы 27 сәуірде оқу бағдарламасын тәжірибемен ұштастыру мақсатында сабаққа  Ақтөбе қаласы ІІМ-нен келген полиция капитаны О.Хаецкая және Д.Аскарова тәжірибелік сабақ өткізді.

2018 жылдың  27 сәуірінде  ӘҚжІІО ӘҚ  кафедрасының  бастығы  полиция  майоры

Е.Балымов «Правовые реформы участия граждан в поддержании правопорядка» тақырыбындағы білімді кеңейту және тереңдету, кәсіптік шеберлігін дамыту ашық сабағын үш тілде өткізді.

Сабақтан бос уақыттарында тыңдаушылар институттың жалпы кітапханасында дайындалып,  сонымен қатар, Есет батыр мемориалдық кешеніне, Т.Ахтанов атындағы драма театрына, А.Молдағұлова мұражайына, институт мұражайына барды.

Тыңдаушылар оқу курсын аяқтаған соң, өткізілген тақырыптардың аясында кешенді емтихан тапсырды. Тыңдаушыларға курсты толық оқып аяқтағандығы жөнінде сертификат берілді.

  

ҚжКБФ оқытушы-әдіскері

полиция капитаны

Г.С.Инжилисова