Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Жолда қабылдау»

2019 жылғы 10 қазанда сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде ҚР ІІММ.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты “Жолда қабылдау” акциясын өткізді. Іс-шараның мақсаты студенттерді болашақта ішкі істер органдарына жұмысқа орналастыру мәселелерін қарастыру болды.150-ден астам студенттерге әкімшілік және патрульдік полиция қызметіне қабылдау туралы қосымша ақпараты бар кітапшалар таратылды.

Институт бастығының кадр және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының уақытша міндетін атқарушы полиция полковнигі А.М.Хайрулин, институт бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарының уақытша міндетін атқарушы полиция майоры Е.Қ. Балымов, әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының доценті полиция полковнигі Л.С Маланьина қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап беріп, жаңа форматтағы полицейлерді оқыту жайлы толық баяндады. Шамамен 50 студент кеңес алды.

ІІМ бастаған “Жолда қабылдау” акциясы – ҚР азаматтарының талабы бойынша ұйымдастырылған полиция мен халық арасындағы қарым-қатынастың жаңа сатысына көшу бағыттарының бірі.