Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жоғары оқу орындары арасындағы «Абыройлы ұстаз» байқауы

2018 жылдың 5 қазанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен қаламыздың жоғарғы оқу орындарының оқытушылары арасында «Абыройлы ұстаз» байқауы өткізілген болатын.

Аталған байқаудың басты мақсаты – оқытушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы басты міндеттерді анықтау, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

Байқаудың қорытындысы бойынша I орынға ие болғаны үшін Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі полиция аға лейтенанты Айбек Қабашұлы Қосмұратов марапатталса, II орынға ие болғаны үшін Т.Бигельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтының авиациялық қару-жарақты техникалық пайдалану кафедрасы бастығының орынбасары, подполковник Нуртас Дуйсембаевич Наурызбеков, III орынға ие болғаны үшін М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің медицина ғылымының докторы, профессор Надия Маликовна Мавлюдова марапатталды.

Байқаудың марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңесі хатшылығының меңгерушісі Мирамкүл Малайқызы Бибітова сөз сөйлеп, оқытушыларды «Ұстаздар» мерекесімен құттықтап,  жүлделі орындарға ие болған оқытушыларды дипломмен марапаттады.

                                                

Институттың ӘжДШД кафедрасының             

оқытушысы

полиция аға лейтенанты Н.А. Таласбаев

 
05 SAM_2760 IMG-20180507-WA0164