Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Институттың офицерлері мен курсанттары цифрлық сауаттылық бойынша тренингтен өтті

2018 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы ХҚКО-ның өкілдері Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының офицерлері мен курсанттарына қызмет көрсету үшін цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша оқыту шарасын өткізді.  

Институт офицерлері мен қызметкерлері, ХҚКО және мемлекеттік органдарында кезекте тұрмай, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көп сұранысқа ие  мемлекеттік қызметтерді рәсімдеу мүмкіншіліктері бойынша қадамдық түсініктемелерін алды.

Институтпен бірлесіп іске асырылған бұл бастама Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атта Жолдаумен және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен міндеттерімен белгіленген.

ТЖБ инспекторы

полиция капитан

З.А.Мухангалиева