Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Институт бастығы ардагерді туған күнімен құттықтады

2018 жылғы 24 тамызда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев институттың Ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы милиция подполковнигі Мұрат Көпжасарұлы Айдосовты институт жеке құрамы мен өз атынан туған күнімен шын жүректен құттықтады. Институт бастығы ардагерге зор денсаулық, қажымас жігер, баянды бақыт пен жақындарының ортасында ұзақ ғұмыр кешуін тіледі. Сонымен қатар, ардагердің ұзақ жылдар бойына институттың гүлденуі мен дамуы үшін қосқан үлесінің зор екендігін, әлі де институт болашағы үшін атқарып келе жатқан еңбегінің өлшеусіз екендігін және ардагердің елеулі қызмет жолы курсанттарға үлгі болатындығын атап өтті.

 
IMG_9308 SAM_2774