Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

КАНДИДАТТАРДЫ ОҚУҒА ІРІКТЕП ҚАБЫЛДАУ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарын 2018 жылы жасақтау туралы» Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2018 жылғы 19 қаңтардағы №40 бұйрығын орындау мақсатында 2018 жылғы 05 – 13 тамыз аралығында жоғары білім берудің білім беру бағдарламасы бойынша оқуға кандидаттарды іріктеу және қабылдау үшін Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қабылдау комиссиясы жұмысын жүргізді.

Кандидаттарды іріктеу жұмысы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2016 жылғы 26 қаңтардағы №77 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына қатаң сәйкестікте жүргізілді.

Қабылдау компанияның барысында техникалық топ (кандидаттардың жеке істерін тексеру бойынша), штаттан тыс уақытша әрекет ететін әскери-дәрігерлік комиссия (кандидаттарды қорытынды медициналық куәландыру бойынша), кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын тексеру жөніндегі комиссия және апелляциялық комиссия өз қызметін жүргізді. Құрамдарына қоғамдық бірлістіктердің өкілдері кірді. Бұл комиссиялардың жұмысына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Арнайы даярлық департаментінің және Орталық әскери-дәрігерлік комиссияның өкілдері бақылау жүргізді.

Барлық іріктеу сынақтарының қорытындысы бойынша, қабылдау комиссияның шешіміне сәйкес, институт бастығының 2018 жылғы 13 тамыздағы бұйрықтарымен медициналық, дене бітімі, психофизиологиялық көрсеткіштері, әңгімелесудің нәтижесі бойынша іріктеуден ойдағыдай өткен және ҰБТ/КТ қорытындылары бойынша тиісті балл жинаған кандидаттар  орта білім базасында (4-жылдық оқу) және жоғары білім базасында (2-жылдық оқу) жоғары білім беру бағдарламаларының 1 курс курсанттарының қатарына қабылданды.

 
IMG_9635