Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Мемлекеттік күзет қызметі басқармасының инспекторлары мен АҚКАБ полиция инспекторларының біліктілігін арттыру курсынан өткендігі туралы

1.10.2018

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2018 жылғы              09 қаңтардағы № 14  «Арнайы бастапқы оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарының 2018 жылға арналған жоспар-кестелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында  2018 жылғы 10-22 қыркүйек аралығында МКҚБ аға инспекторлары, инспекторлары, ал қыркүйек айының 17-29 аралығында АҚКАБ полиция инспекторлары біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

         Біліктілігін арттыру курстарында оқу процесі оқу және тақырыптық жоспарларға сай жүргізілді.

    Оқу бағдарламасын тәжірибемен ұштастыру мақсатында құқық қорғау органдарына шығу сабақтары ұйымдастырылды. Атап айтқанда: 2018 жылғы 14 және 21 қыркүйек күндері әкімшілік құқық және ішкі істер органындағы әкімшілік қызмет кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі      М.Избасов  тыңдаушылармен Ақтөбе облысы МКҚБ барып, аталған қызметке байланысты нормативтік құқықтық актілермен танысса, 2018 жылғы               28 қыркүйек күні азаматтық және қызметтік қару-жарақтың айналымын бақылау бөлімінің инспекторларымен Ақтөбе қаласындағы Елек полиция бөліміне барды.  Онда тыңдаушылармен тәжірибе алмасу мақсатында қару-жарақ ұстайтын азаматтық тұлғалардың істерімен танысты.

         2018 жылғы 28 қыркүйек күні тыңдаушылар «Қазақстан Республикасы заманауи болмыстағы жедел іздестіру заңнамаларын жеділдіру сұрақтары» тақырыбына қылмыстық іздестіру қызметінің 100 жылдығына байланысты институт базасында өткізілген республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты, конференцияда ІІО аймақтық оперативтік  бөлімдерінде және сотқа дейінгі тергеп, тексеруде, жарияланбайтын тергеу әрекеттерін өткізуге байланысты жедел іздестіру қызметінің өзекті мәселелері талқыланды.

Тыңдаушылар сабақтан бос уақытта институттың кітапханасында өздеріне қажетті материалдармен танысса, оларға патриоттық тұрғыдан тәрбие беру мақсатында Есет батыр атындағы мемориалдық кешенге, Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театрына, А. Молдағұлова атындағы облыстық мұражайға, институт мұражайына апарылып, Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған Мәңгілік алауға, Кеңес Одағының батыры                  А. Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Біліктілігін арттыру курсы аяқталған соң тыңдаушылар емтихан тапсырып, курсты аяқтағандығы туралы сертификат алды.

 

КжҚБФ оқытушы-әдіскері

полиция капитаны Инжилисова Г.С.

 
02 IMG_9633 (1) 02063218 02212018 LIS_1061