Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Назарбаев университетіндегі Регистратор Офисінің конференциясына қатысу туралы

     Ағымдағы жылдың 11 және 12 қазанында Назарбаев Университеті қабырғасындаұсынылатын сервистік қызметтің сапасын жақсарту, Регистратор Офисін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелеріне арналған Регистратор Офисініңконференциясыөтті, оған70 университеттен келген 250 қатысушылармен қатар,ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкері,ОӘО оқытушы-әдіскері полиция майор Д.С.Муканова қатысты.
     Конференциядаекі күн бойы әртүрлі бағыттар бойынша пленарлық және тақырыптық сессиялар, дөңгелек үстелдер және пікірталастар өтті. Конференцияның мақсаты–Офис қызметкерлерінің қарым-қатынас жасауы мен тәжірибе алмасуы үшін бірыңғай алаң жасау, Регистратор Офисі басқармасы, онлайн-кестелерді жасау және жоспарлау, автоматтандырылған ақпараттық жүйелер және PLATONUS бағдарламасын құру. Конференцияның ашылу салтанатын алғы сөзбен Назарбаев Университетінің Президенті Катсу Шигео және Студентер істері және халықаралық қатынастар жөніндегі вице президент Кадиша Даироваашты.
     Конференция 5 тақырыптық сессиядан тұрды, әр сессия тақырыптарға бөлінді. Ұйымдастырушылар университет аумағына, оқу аудиторияларына, кітапхана және каспустарға экскурсия жүргізіді.
     Академиялық істер жөніндегі вице-провост конференция жұмысын қорытындылап, сертификаттар ұсынды.

ОӘО оқытушы-әдіскері
полиция майоры                                                
Д.С. Муканова