Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Плоггинг» спорттық сенбілігі

Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы М.Ж. Махамбетовтің бастамасымен «плоггинг» спорттық сенбілік өтті. Айта кету керек, плоггинг біздің Ақтөбе қаласында алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл сенбіліктің күнделікті сенбіліктен қандай айырмашылығы бар? Плоггинг — бұл жүгіру арқылы қоқыс жинау процесі. Бұл акцияға қатысушылар қаланы қоқыстан тазартып қана қоймай, жүгіруге белсене қатысады.

2019 жылғы 6 сәуірде өткен іс-шараға институт курсанттары, М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығы орынбасарының уақытша міндетін атқарушы, полиция подполковнигі А.М. Хайрулин, Ақтөбе облысының «Облыстық бокстан олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» ММ директоры, бокстан әлем чемпионы Галиб Джафаров, Қазақстанның панкратионнан үш дүркін чемпионы, Азия чемпионы, Еуразия чемпионы, ММА-дан әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Сергей Морозов , UFC чемпионы, Fightmatrix нұсқасы бойынша Қазақстанның ең үздік ММА палуаны Жалғас Жұмағұлов, панкратионнан екі дүркін әлем чемпионы Гойти Дазаев, самбодан әлем чемпионы, дзюдодан Қазақстан чемпионы Азамат Мұқанов, сондай-ақ өз қаласына немқұрайлы қарамайтын ақтөбеліктер қатысты.

Курс бастығының орынбасары

полиция майоры     

Р.К. Рақышев