Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

РФ ІІМ Краснодар заң университетінде тағылымдамадан өту туралы ақпарат

2018 жылдың наурыз айының 26-нан 28-і аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық құқық және криминология кафедрасының бастығы полиция полковнигі Сейтенов Аслан Жолашұлы және әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Аюпов Жолдыбай Амантайұлы Ресей ІІМ Краснодар заң университетінде тағылымдамадан өтті.

М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының мамандары ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысып, білім беру мекемелерінің қызметі бойынша мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, Ресей және Қазақстан заңнамаларындағы жаңашылдықтар талқыланып, пікір алмасулар жүргізілді.

Тағылымдама кезінде университет бойынша және оқу-тәжірибелік полигондарға экскурсия жүргізіліп, Ресей ІІО қызметкерлерін дайындау жағдайларымен таныстырылды. Сонымен қатар ІІМ Краснодар заң университетінің мұражайы көрсетілді.

Тағылымдама соңында университет бастығы полиция генерал-лейтенанты Симоненко Александр Викторовичпен сетификаттар табыс етілді. 

ӘҚ және ІІО ӘҚ кафедрасының

аға оқытушысы                     

полиция подполковнигі                                                             

Аюпов Ж.А.

 
SAM_2832