Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

СЕМИНАР-ТРЕНИНГ «ІІО БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ»

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы білім беру пәндері кафедрасының апталығы аясында 2019 жылдың 8 қарашасында институттың кафедра мен бөлімдердің басшылары үшін “ІІО басқару қызметін жетілдіру” атты семинар-тренинг ұйымдастырылып, өткізілді. Семинар-тренингтің мақсаты ІІО басшыларының басқару қызметінде психология бойынша білімді қолдану мүмкіндігі туралы түсініктерді қалыптастыру болып табылады.

Семинар-тренинг барысында кафедраның аға оқытушысы, полиция майоры Ж.А.Жукаева “ІІО-да басқару қызметін жетілдіру” тақырыбы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.   

Полиция полковнигі А.Ф.Саттарова қатысушыларға “Қызметтік ұжымды басқару стилі” тақырыбының мазмұнын ашып берді, кез келген қызметті ұйымдастырудағы жетекшінің рөлін зерттеу басқару ғылымындағы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Дәл осы тұрғыда, кез келген деңгейдегі көбінесе бөлімше қызметінің тиімділігі оның кәсіби және өзге де білімдеріне, шеберлігі мен дағдыларына байланысты.

Полиция полковнигі Ж.М.Есмамбетова басшылардың назарын басқару қызметінің негізі ретінде әдеби нормаларды сақтауға аударды. Семинар қатысушыларына бірқатар жаттығулар ұсынылды.

Одан әрі, полиция майоры Ж.А.Жукаева семинар-тренингтің қатысушыларымен “ІІО қызметкері қажет” деген топтық пікірталас өткізді, оның мақсаты тиімді қызметкердің психологиялық портретін құрастыру және кәсіби маңызды қасиеттерді талдау болды.

Полиция полковнигі А.Ф.Саттарова “Маша и медведь” деген тренинг пен семинар-тренингті қорытындылады, оның мақсаты кейбір жағдайларда қалай және қандай себеппен ақпараттың бұрмаланғанын көрсету болды.

Семинар-тренинг барысында барлық теориялық материалдар тренингтік жаттығулар мен сүйемелденді. Іс-шара өте мазмұнды өтті, сонымен қатар институттың кафедра мен бөлімдердің басшыларына даулы жағдайларды конструктивті шешу бойынша ұсыныстар берілді.

Жалпыбілім беру пәндері кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры

Жукаева Ж. А.

 
08