Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Этносаралық татулықтан – жалпыұлттық бірлікке»

28.11.2019

2019 жылғы 27 қарашада ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының басшылығы және курсанттары Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Этносаралық татулықтан – жалпыұлттық бірлікке» атты ХХІІI сессия жиынына қатысты.

Жиында Елбасының және мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бағытындағы жұмыстар, облыстық ҚХА 2019 жылы атқарған жұмыстары талқыланды, бұл туралы облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Маржан Қорғанбаева толық айтып өтті.

Басқосуға облыстағы аудан әкімдерінің орынбасарлары, қалалық,аудандық мәслихат хатшылары, аналар кеңес және қоғамдық кеңес төрағалары, әкімдік басқарламаларының басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен дін өкілдері, және жастар қатысты.

Сондай-ақ, поляктардың «Святло» Ақтөбе облыстық этно-мәдени бірлестігінің өкілі Надежда Степаненко, Еуропалық медиаторлар Ассоциациясының құрметті мүшесі, «Ақтөбе облысы медиаторлар Кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Светлана Балпеисова, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының облыстық штаб төрағасының орынбасары Алданазар Жаханов т.б ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері қоғамдық келісім, ұлттық бірлік туралы ой-пікірлерін ортаға салды.

 
IMG_9803 11278092 dav IMG_7481 IMG_2780