Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ІІО ардагерімен кездесу

КСРО ішкі істер органдарының қызметкері күнін мерекелеуге байланысты 2019 жылдың 10 қарашасында Қазақстан Республикасы ІІМ  М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ардагері отставкадағы полиция майоры Ербол Макатайұлы Жумагазинмен кездесу өтті.       

Кездесу барысында Е.М.Жумагазин өзінің мансабы туралы айтып берді   және  қылмыстық тергеу бөліміндегі жұмыс және кездескен қиындықтар туралы айтты. Бұрын ол патрульдік полицияда, кейіннен Ақтөбе облысы Заречный полиция бөлімінің қылмыстық іздестіру бөлімінде, кейін институтта оқытушы қызметін атқарды.                                                    

Кездесу жылы және іскерлік жағдайда өтті. КурсанттарЖумагазинге алғыстарын білдіріп, қылмыстық іздестіру бөліміндегі жұмысы туралы сұрақтар қойды және мұндай кездесулерді алдағы уақытта жиі өткізуді ұсынды!

3«А»курс бастығының орынбасары

полиция капитаны  

С.П.Оразғалиев