Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Қазақстан Республикасының гендірлік саясаты – гендірлік теңдік» тақырыбында дөңгелек үстел бойынша

2018 жылғы 23 қарашада 2017-2019 жылдардағы құқық бұзушылықтарды алдын алудың кешенді жоспары аясында, Қазақстан Республикасы М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының апталығында,  «Қазақстан Республикасының гендерлік саясаты – гендерлік теңдік» тақырыбында Республикалық дөңгелек үстел өткізілді.
Талқылаудың негізгі тақырыбында саясаттағы ерлер мен әйелдердің теңдігі, Қазақстан Республикасында гендірлік теңдікке қол жеткізу және гендерлік теңдікте болу.
Дөңгелек үстелге келесі үйлестірушілер шақыртылу алды: «Аналар үйінің» жетекшісі Тансулу Загитовна Лакова, Ақтөбе қаласы «Әйелдерді қолдау орталығының» директоры Еркин Жандулаевна Шукурова және  «Halyk invest consulting» ЖШС бас директоры  Ерлан Елеусинович Бокушев
Сонымен қатар, дөңгелек үстел отырысына институтың профессорлық- оқытушылық құрамы  және ҚжҚБФ біліктілігін арттыру курсының тыңдаушылары мен  2 «Б» курсының 203 тобы курсанттары қатысуымен орын алды.
Дөңгелек үстелдің модераторы әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік кафедрасының доценті полиция подполковнигі Людмила Сергеевна Маланьина сөз алды.
Институт бастығының орынбасары полиция полковнигі Галия Жанабековна Сулейманованың төрағалығымен өткізілген дөңгелек үстел, қатысушылардың салемдесуінен кейін, сөз модераторға берілді.
Баяндаушылар өз сөзінде Қазақстандағы гендерлік саясат ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты қоғамдық қатынастардың барлық салаларын қамтитын, сондай-ақ олардың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін кең және кешенді тәсілді қамтиды деп атап өтті.
Солтүстік Қазақстан облысының Г.Мусрепов атындағы полиция бөлімінің  ЖПҚ бастығының орынбасары полиция майоры Владимир Валерьевич Нейверт күнделікті өмірде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін полицияның қызметінде туындайтын мәселелермен  бөлісті.
Қостанай қаласы полиция департаменті басқармасының жергілікті полиция қызыметінің штаб инспекторы полиция майоры Мадина Амангельдиевна Валиева Қазақстандағы гендерлік теңдігі туралы айтып өтті.
Қазақстан Республикасы М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Әйелдер кеңесінің төрағасы  полиция подполковнигі Наталья Александровна Чепринюк  әйелдер ұжымымен жұмыс жасау туралы  өз ойымен бөлісті.
Қазақстан Республикасы М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының кадр бөлімінің психолог-инспекторы Мадина Расуловна Исламгалиева ерлер мен әйелдер теңдігі туралы өзінің баяндамасын оқыды.
Осы дөңгелек үстелде баяндамашыға өздерінің сұрақтарын қойып, тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы құқыққа қарсы әрекеттерін әкімшілік жауапкершілікке тарту сұрақтары бойынша заңнаманы жетілдіру туралы өздерінің ұсыныстары мен ойларын жеткізді. 
Қазақстан Республикасы М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары заң ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі Ғалия Жанабековна Сулейманова дөңгелек үстел қорытындысы бойынша осындай кездесулердің үлкен тәжірибелік маңыздылығын атап өтіп, құқық және ІІО әкімшілік кафедрасының доценті полиция подполковнигі Людмила Сергеевна Маланьина бірге  дөңгелек үстелге қатысушы қонақтарға «Қазақстан Республикасының гендерлік саясаты – гендерлік теңдік» куәлігін салтанатты түрде табыстады.
Дөңгелек үстел қатысушылары осындай кездесулердің жиі өткізілетіндігіне сенім білдіріп алғысын айтты.

ӘҚ және ІІО ӘҚ кафедрасының
оқытушысы
полиция капитаны
Б.Ж.Уайсов