Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы аясында ұйымдастырылған «Құқық қорғау органдарының жаңа болмыстағы заманауи қызметін жетілдіру» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның өткізілуі туралы

2018 жылғы 16 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы аясында ұйымдастырылған «Құқық қорғау органдарының жаңа болмыстағы заманауи қызметін жетілдіру» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Конференция қылмыстық, қылмыстық-процестік және ІІО-ның қызметіндегі әкімшілік-құқықтық қызмет бойынша халықаралық тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді.
Конференция бағдарламасында 120 баяндама қаралды, олар пленарлық және секция жұмыстарының мәжілістерінде тыңдалды. Пленарлық мәжілісте Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының орынбасары полиция полковнигі Галия Жанабекқызы Сулейманова мен Ресей ІІМ Қиыр шығыс  заң институты бастығының ғылым жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция подполковнигі Александр Васильевич Рябцев (онлайн байланыс жүйесінде) және  Ақтөбе қалалық сотының соты Манарбек Әділгерейұлы Мыңбаев алғы сөз айтты және қонақтарға — Ресей ІІМ Омбы академиясының ғылыми-зерттеу бөлімінің бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция полковнигі Олег Александрович Дизерге, Ресей ІІМ Омбы академиясының қылмыстық құқық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты полиция подполковнигі  Кирилл Николаевич Карповқа, Орынбор мемлекеттік университетінің заң факультеті деканының орынбасары, мемлекет және құқық теориясы мен конституциялық құқық кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Елена Ивановна Максименкоға,  Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор полиция полковнигі Зайрулла Сембайұлы Тоқыбаевқа, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ВҒЗИ Қоғамдық мүдделерді қорғау саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының докторы, доцент, аға әділет кеңесшісі  Сабигуль Джанабайқызы Бекишеваға, Қазақстан Республикасы ІІМ Оқу орталығының арнайы пәндер циклінің оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі полиция капитаны Самал Бектыбайқызы Жакуповаға, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Нұрболат Байұзақұлы Махмутовқа сөз берілді. Сонымен қатар, онлайн байланыс жүйесінде Ресей ІІМ Қиыр Шығыс заң институтының қылмыстық процесс кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция полковнигі Светлана Михайловна Кузнецоваға (онлайн-қосылу) және өзге де өкілдерге сөз кезегі берілді.
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлерімен қатар, шетелдік қонақтар да  секция модераторы болды. Конференция жұмысына қызметкерлер мен қонақтардан басқа біліктілігін арттыру курсының тыңдаушылары да қатысты. Конференцияның қорытындысы бойынша көрнекті ғалымдардың — ғылым қызметкерлерінің, құқық қорғау жүйесінің тәжірибелік органдары қызметкерлерінің, мамандар мен сарапшылардың, оқытушылардың, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының құқықтанушы ғалымдарының, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Украина, Тәжікстан Республикасы ЖОО-ның жас ғалымдарының, адъюнкттарының, ізденушілерінің, докторанттарының, магистранттарының, мамандарының ғылыми мақалалары енгізілген материалдар жинағы шығарылды. Материалдарда құқық қорғау органдарында әкімшілік қызметті жетілдірудің құқықтық аспектілері, Қазақстан Республикасында және шетелдік мемлекеттерде қылмыстық-құқықтық және қылмыстық-атқарушылық саясатты жүзеге асырудың заманауи үрдістері мен проблемалары,  құқық қорғау органдарының құқық бұзушылықтың алдын алуы, қылмыстық істер бойынша заманауи сотқа дейінгі іс жүргізулерді жаңғырту және қылмыстарды ашу мен тергеудің тиімділігі, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арнайы және денешынықтыру  даярлықтарын жетілдіру, заңгердің заманауи болмыстағы құқықтық тәрбиесі мен тіл мәдениеті, мемлекеттік-құқықтық және азаматтық-құқықтық қызмет туралы баяндалады.
Конференция қорытындысы бойынша ұсынымдар шығарылды, іс-шараның қорытындысын шығару кезінде бірауыздан мақұлданып, бекітілді. Конференцияның жабылуы шеңберінде Қылмыстық іздестіру қызметіне 100 жыл толуына арналып шығарылған «Уголовный розыск» атты тарихи-публицистикалық жинақтың және «Права человека — основополагающий фактор формирования правового государства на примере российской федерации и республики казахстан» монографиясының презентациясы өткізілді.
Конференция жұмысын институт бастығы, заң ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев қорытынды сөзімен аяқтап, конференция қатысушылары мен қонақтарына алғыс білдірді және алдағы уақытта ғылыми қызметтеріне табыс тіледі. Іс-шара соңында қатысушылар сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды, сонымен қатар, курсанттардың ұйымдастыруымен қойылған концерттік бағдарламаны тамашалады. 

ҒЗжРБЖҰ бөлімінің
ғылыми қызметкері
Д.А. Динова