Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы аясында, Жастар жылы мен Ақтөбе қаласының 150 жылдығы шеңберінде ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның өткізілуі туралы

2019 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы аясында, Жастар жылы мен Ақтөбе қаласының 150 жылдығы шеңберінде «Заманауи ғылымның өзекті мәселелері» атты курсанттардың (студенттердің), магистранттардың, адьюнкттердің, докторанттардыңхалықаралық ғылыми-теориялық конференциясы ұйымдастырылды.

Конференцияның мақсаты — конференция қатысушыларының құқық саласындағы өзекті мәселелерді кәсіби деңгейде талқылауына жағдай туғызу, ғылыми-зерттеу қабілеттіліктерін арттыру, заңнамаларды жетілдіру бағыттарын жан-жақты талқылау және зерттеушілік, халықаралық тәжірибелік қызметтер бойынша ғылыми нәтижелер алмасу.

Конференция жұмысына Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің, Байшев университетінің студенттері, Ресей ІІМ Омбы академиясының, Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының, Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының,  Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж. Бегельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының, Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов Алматы академиясының магистранттары мен курсанттары қатысты.

Конференцияда жалпы 250 баяндама оқылды. Пленарлық кеңесте 8 баяндама қамтылды және Ресей ІІМ Омбы академиясымен, Ресей ІІМ Уфа заң институтымен және Ресей ІІМ Барнауыл заң институтымен бірлесіп, онлайн байланыс жүйесінде құқық саласындағы іргелі және ғылыми-қолданбалы зерттеулер саласындағы ғылыми жобалардың, озық әзірлемелердің презентациялары өткізілді.

Пленарлық отырыстың модераторы курсанттық ғылыми қоғамның төрағасы, 2 «А» курс курсанты кіші полиция сержанты Диас Роланұлы Оразғалиев болды.

Конференцияның барлық жұмыс кезеңінде жағымды іскерлік ахуал орнады, әрбір қатысушының «еркін микрофон» арқылы өз ойын ортаға салып, сұрақтар қоюына мүмкіндік берілді. Пленарлық кеңес жұмысы сағат 10:00-де басталып, 11:00-де аяқталды.

Сонымен қатар айта кету қажет, секция жұмыстары әрбір қатысушының жеке қызығушылығы мен жауапкершілігі арқасында жоғары ғылыми деңгейде өтті. Қатысушылар тарапынан ұсынылған баяндамалар слайдтармен сүйемелденіп, тәжірибелік іргелі сипатта болды. Әрбір секция бойынша белгілі бір проблемаларды шешу жолдары мен оларға жаңа қадам жасау жөнінде ұсыныстар, ұсынымдар енгізілді.

Пленарлық кеңестің қорытындысында секция модераторлары жұмыс барысы жөніндегі баяндамаларымен шығып, номинациялар бойынша  кандидатураларды ұсынды.

Дәлірек айтқанда, «Әкімшілік құқықтың және әкімшілік қызметтің өзекті мәселелері» секциясы бойынша Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-дің 2-курс студенті І.Дүзбаеваның баяндамасы, «Қылмыстық, қылмыстық-атқару заңнамаларын және криминологияны жетілдірудің мәселелері мен болашағы» секциясы бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының 3-курс курсанты А.Абдукадырдың және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2 «А» курсының курсанты З.Забихованың баяндамасы үздік баяндама ретінде танылса, «Қылмысты ашу және тергеу мәселелері бойынша өзекті сұрақтар» секциясы бойынша Ресей ІІМ Омск академиясының 5-курс курсанты қатардағы полиция А.М. Аубакированың және Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 3-курс курсанты А.А. Адырашеваның баяндамалары, «Мемлекеттік-құқықтық және азаматтық-құқықтық дамудың жалпытеориялық негіздері» секциясы бойынша  Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж. Бегельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының 4-курс курсанты М.Исабекованың және Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2-курс курсанты А.Кенжегалиеваның, «Психологиялық-педагогикалық негіздер және арнайы дайындық» секциясы бойынша Ресей ІІМ Омбы академиясының 4-курс курсанты Ж.Мелистің баяндамалары «үздік баяндама» деп танылды.

Пленарлық кеңесте ұсынылған баяндамалар бойынша Байшев университетінің студенті А.Серікқызының баяндамасы «үздік баяндама» ретінде танылды.

   Аталған іс-шараны қорытындылау нәтижесі бойынша институт бастығының міндетін атқарушы, з.ғ.к. полиция подполковнигі Галия Жанабекқызы Сулейманова мен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттық ғылыми қоғамның төрағасы,  полиция кіші сержанты Д.Р. Оразгалиев  конференция жұмысының табысты өткендігін атап өтті және алдағы кезеңдерге сәттілік тіледі. Іс-шараны қорытындылау барысында  конференция қатысушыларына дипломдар, грамоталар және сертификаттар тапсырылды, сонымен қатар, курсанттардың ұйымдастыруымен мерекелік концерт ұсынылды.

ҒЗжРБЖҰ бөлімінің инспекторы                                                            

А. Сулейменова