Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясында өткен «Жастар және ғылым» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға курсанттардың қатысуы

2019 жылдың 6-сәуір куні Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясында Жастар жылына арналған «Жастар және ғылым» атты жоғарғы оқу орындары арасында өткен курсанттардың (студенттердің) халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Аталға конференцияға барлық ведомстволық және азаматтық оқу орындарынын тыңдармандары қатысты, солардың бірі Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев  атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары. Біздің институтымыздың атынан он үш адам қатысып, дипломдармен және грамоталармен марапатталды.

«Ең үздік баяндама үшін» 2 «А» курс 203 оқу тобының курсанты, қатардағы полиция Тлепов Балтабай, 2 «А» курс 203 оқу тобының курсанты, қатардағы полиция Қармыс Айсана, 2 «А» курс 205 оқу тобының курсанты, қатардағы полиция Баудынов Тахир, 2 «А» курс 205 оқу тобының курсанты, полиция кіші сержанты Баситова Интизарим, 2 «А» курс 201 оқу тобының курсанты полиция кіші сержанты Сәбит Адай дипломымен марапатталды. «Ғылымға деген шығармашылық ынтасы үшін» грамотасымен 2 «А» курс 201 оқу тобының курсанты полиция кіші сержанты Әбдікәрім Қанат және грамотасымен 1 «А» курс 103 оқу тобының курсанты қатардағы полиция Төлеген Қалдыбек марапатталды, «Жеңіске деген ұмтылысы үшн» грамотасымен 2 «А» курс 202 оқу тобының курсанты полиция кіші сержанты Ғапбар Көпжан марапатталды, «Тақырыптың өзектілігі үшін» номинациясы бойынша 2 «А» курс 203 оқу тобының курсанты қатардағы полиция Дүйсенбай Темірлан марапатталды, «Батыл пікірі үшін» номинациясында 2«А» курс 204 оқу тобының курсанты қатардағы полиция Расул Мейіржан марапатталды, «Шешендік өнері үшін» номинациясында 2 «А» курс 205 оқу тобының курсанты полиция кіші сержанты Пернебек Дидар марапатталды.

2019 жылдың 08 сәуір жұлдызында халықаралық ғылыми конференция аяқталып, курсанттар үшін Алматы қаласында экскурсия өтті, соның барысында қаланың барлық көрікті жерлері көрсетілді, бұл шара біздің курсанттардың көңілінен шықты.

ТЖБ инспекторы

полиция аға лейтенанты

Б.Елеусизов

 
05