Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Қорған» командасы – екі дүркін облыс чемпионы!

2018 жылғы 20 қарашада Қалалық мәдениет үйінде Ақтөбе облысы «Жайдарман» ұйымының ұйымдастыруымен «Жайдарман» премьер лига ойындарының финалдық бәсекесі өтті.
Бәсекеге «Хайп» – еркін құрамасы, «Қорған» – Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының құрамасы, «49 құрамасы» – №49 жалпы білім беретін мектеп, «Бұлттан да биік» – Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Бегелдинов атындағы Әуе қорғаныстар күші Әскери институтының құрамасы және «Қызылжар» – еркін құрамасы қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды «49 құрамасы» – №49 жалпы білім беретін мектеп иеленсе, ІІ орынды – «Қызылжар» – еркін құрамасына бұйырды. Ал «Жайдарман» премьер лига ойындарының чемпионы – Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының «Қорған» командасы иеленді.

ТЖБ инспекторы
полиция капитаны
З.А.Мухангалиева