Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының “Нөлдік төзімділік” және “Құқық бұзушылықтардың алдын алу” тақырыптары аясындағы жұмысы

2018 жылғы 2 қазан күні Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жоспарына сәйкес қылмыстық құқық және криминология кафедрасына бекітілген Ақтөбе қаласының № 13 жалпы білім беретін орта мектебіне полиция капитаны Г.Н.Тоқпанбетова және полиция майоры А.Р.Ерғалиев барып, 9-11 класс оқушыларына «Нөлдік төзімділік» және «Құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыптарына дәріс жүргізді.

   Оқушылар өте қызушылықпен дәрісті тыңдап, өз сұрақтарын қойды, пікірталас орын алды. Пікірталас барысында көптеген  құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы мағлұматтар айтылып, оқушыларға алдын алу жұмыстарының түрлері таныстырылды.

 

Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының

оқытушысы

полиция майоры

А.Р.Ерғалиев

 
02063013