Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қысқы нысанды киімге көшу

2018 жылғы 06 қарашада біздің аймақтың климаттық жағдайын ескере отырып, қызметкерлердің жедел-әскери тапсырмаларды орындауға әскери даярлығы мен үлгілік сырт пішімін сақтау мақсатында және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Г.Ж. Сулейманованың бұйрығына сәйкес қысқы нысанды киімге көшу үшін институттың жеке құрамы сап алаңына сапқа түзетілді.
Саптық байқау саптық дағдыны анықтау, жеке құрамның сырт келбетін тексеру, техника мен қару-жарақтарды жасақтау жағдайы, сонымен қатар, қысқы (жазғы) нысанды киімге көшу кезінде өткізіледі.
Саптық байқау барысында қызметкерлердің нысанды  киіну жағдайлары мен жетондарының болуы, қызметтік куәліктерінің сәйкестігі, жеке құрамның сырт келбеті, саптық дағдыларының қалыптасуы және бөлімшелердің жалпы реттілігі тексерілді. Қызметкерлер саптық даярлыққа жауапкершілікпен қарап, барлығы жып-жинақы түрде және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды және арнайы киім кию ережесінің талаптарына сай киініп келді.
Саптық байқаудың соңында жеке құрам бөлімшенің саптық реттілігін және саптық әдістерді қаншалықты игергендігін көрсетіп, салтанатты маршпен жүріп өтті.

КЖ бөлімінің
аға инспекторы
полиция майоры
Н.Қ. Сүлейменов

 
IMG_9361