Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Құқық бұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» қағидасы бойынша атқарылған жұмыс

22.12.2017

Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында  қоғамда құқық бұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» қағидасын құру бойынша 2017 жылға арналған ұйымдастыру және тәжірибелік іс-шаралар жоспарының 3-тармағына сәйкес жедел іздестіру қызметі кафедрасының оқытушылары полиция майоры Е.М.Жұмагазин және полиция капитаны А.С.Байғазин № 39 орта мектептің 10-11 сынып оқушыларына дәріс сабағын жүргізді, оған барлығы 80 оқушы қатысты, сонымен қатар, № 42 орта мектептің 10-11  сынып оқушыларына да жоғарыда көрсетілген тақырып бойынша дәріс сабағы өтті. Оған барлығы 60 оқушы қатысты. Сабақ жүргізу барысында құқық бұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» қағидасы бойынша тақырыптық буклеттер пайдаланылып, естеліктер таратылды.

         

ЖІҚ кафедрасының оқытушысы

полиция майоры                                                                     

Е.М.Жұмағазин

 
SAM_2770 03156269 IMG_5606 IMG-20180507-WA0161 IMG_9990