Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Үстел үстіндегі айқас

2017 жылғы 15 желтоқсанда Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ауыспалы құрамы  арасында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды.

  Әскери  және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушылары қатысушыларды жарыстың ережесімен таныстырды.

  Ер балалар арасындағы жарыста 1 – ші орынды 2 курс 204 – оқу тобының курсанты Алимов Ерсын, 2 – ші орынды 1 курс 103 – оқу тобының курсанты Балдеков Алмат, ал 3 – ші орынды 2 курс 202 – оқу тобының курсанты Ботабек Мұхамеджан иеленді.

   Жарыстың жоғары ұпай санымен қыз балалар арасында 1 – ші орынға 1 курс 103 – оқу тобының курсанты Жақсылықова Ұлболған, 2 – ші орынға 1 курс 104 – оқу тобының курсанты Айғалқа иАйгерім, ал 3 – ші орынға 1 курс 102 – оқу тобының курсанты Ажибаева Аружан ие болды.

   Жарыстың соңында институт бастығы полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев жеңіске жеткен курсанттарды мақтау қағазымен марапаттады.

 

   ӘжДШД кафедрасының  оқытушысы                   

   полиция аға лейтенанты Каирбаев Ж.К            

  ӘжДШД кафедрасының  оқытушысы                   

   полиция аға лейтенанты Қосмұратов А.К.

 
07