Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Үштілділік – заманауи білімнің ажырамас атрибуты

2018 жылғы 26 сәуірде мемлекет басшысының үштілділік саясатын қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы білім беру пәндері кафедрасының апталығы аясында жоғары оқу орындары арасында үш тілде «Мен өз мамандығымды жақсы көремін» тақырыбында викторина өткізілді. Викторинаға 3 топ қатысты: Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бірінші курс курсанттары, Қазақ-Орыс халықаралық университеті мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік  университеті заң факультеттерінің студенттері.

            Викторинада тіл білімінен және тәжірибелік білу дағдыларынан білімдерін сынады.

            Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында тілге деген махаббат, жауапкершілікті тәрбиелеу және таңдаған кәсіби жолдарына қызығушылықты жоғарылату.

            Сайысты әділқазылар алқасы бағалады. Әділқазылар алқасы құрамына Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары полиция полковнигі СулеймановаҒалия Жанабекқызы, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің құқықтану кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.к. Али Малик Ерликович, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік  университетінің экономика және құқық факультетінің құқықтану кафедрасының оқытушысы Бердібаев Ержан Махсатбаевич, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының арнайы мемлекеттік мұрағат меңгерушісі Нурмагамбетова Айгуль Болатовна және 1 «Б» курс курсанты Толғанай Кенебай кірді.

Сайыс 6 тапсырмадан құралған. Викторина «Сәлемдесуден» басталды. Қатысушылар топтың атауларын ерекше ашты.

            Әрі қарай «Мамандықтар калейдоскобы» және «Мені түсін» сайыстары өтті. Қай топтың өздерінің болашақ мамандығы туралы жақсы білетіндігі анықталды. Сайыс мемлекеттік және орыс тілдерінде өтті.

            «Мамандықты тап» сайысында топтар ағылшын тілінен білімдерін көрсетті. Курсанттар мен студенттер күш салып, тілді жақсы меңгергенін дәлелдеді. Топ басшылары блиц-сауалнама сайысында жарысты. Өз топтарының көңілінен шығып, қойылған сұрақтарға жауап берді. «Мен өз мамандығымды жақсы көремін» атты үй тапсырмасына берілген бейне-сұхбат ең қызықты сайыс болды. Атап айтқанда, курсанттар мен студенттер жауапкершілікпен және шығармашылықпен дайындалды. Әділқазылар алқасы актерлік шеберлікті, әзілдерін бағалады.

Сайыстың барлық сатыларынан кейін қазылар алқасы қорытындылауға кірісті. Жеңімпаздарды таңдау оңай болған жоқ. Барлық топтар жақсы дайындалған. Сайыстардың қорытындысы бойынша бірінші орынға «United» тобы, екінші орынға «Элита» тобы, үшінші орынға «Дэ-юрэ» тобы ие болды. Қазылар алқасы тілдерге деген қызығушылығы үшін командаларға алғысын білдіріп, уақыт өте келе олардың өз саласында кәсіпқой болады деген үміттерін білдірді.

 

Жалпы білім беру пәндері

кафедрасының доценті

полиция полковнигі

Ж.М.Есмамбетова