Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТІК ТӘРТІБІНДЕГІ – ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ҚОЛДАНУ, ҚЫСЫМШЫЛЫҚ, АҢДУ, ҚОРҚЫТУ НЕМЕСЕ РЕПРЕССИЯҒА ҰШЫРАТУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

 

2017жылғы 25 қазан күні Жалпы білім беру пәндері және Жедел-іздестіру қызметі кафедрасымен бірлесе отырып, «Қызметкерлердің қызметтік тәртібіндегі – зорлық-зомбылықты қолдану, қысымшылық, аңду, қорқыту немесе репрессияға ұшырату» тақырыбында  дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге институт басшылығы мен біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары және сонымен қатар Ақтөбе облысы Прокуратурасы мен ІІД ӨҚБ өкілдері қатысты.

Жалпы білім беру пәндері кафедрасының бастығы полиция полковнигі Ә.Ф.Саттарова 2017 жылдың 16-28 қазан аралығында біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларының арасында ІІО-ның қызметкерлерінің тарапынан азаматтарға қарсы зорлық-зомбылық, қатыгездік және ар-намысын қорлау бағытында сауалнама жүргізген болатын.

БАК тыңдаушыларының сауалнама қорытындысының нәтижесінде және дөңгелек үстелде келесідей сұрақтар талқыланды: полицияның тарапынан азаматтарға қарсы зорлық-зомбылық, қатыгездік және ар-намысын қорлаудың қандай себеп әсері; ІІО қызметкерлерінің қызметтік тәртібінде қандай себептер жеткілікті; ІІО-ның қызметкерлерінің тарапынан азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықты қолдану, қысымшылық, аңду, қорқыту және ар-намысын қорлау бағытында қандай ескертетін және алдын-алу шараларын жүргізу керек.

ІІО-ның қызметкерлерінің тарапынан азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықты қолдану, қысымшылық, аңду, қорқыту және ар-намысын қорлау бағытында өзекті мәселені талқылауға Ақтөбе облысы ІІД ӨҚБ жеке құрам бойынша аға инспекторы полиция майоры У.Б. Бермағанбетов, сонымен қатар Ақтөбе облысы прокурор көмекшісі 1 кластық заңгер А.А. Шокпаров өз пікірлерін талқыға салды.

Дөңгелек үстелде аталған тақырып бойынша өзекті мәселелерді талқылау жүргізіліп, жалпы білім беру пәндері кафедра бастығы , п.ғ.к. полиция полковнигі Ә.Ф.Саттарова сөз сөйлеп, жедел-іздестіру қызметі кафедра бастығының орынбасары, з.ғ.м. полиция подполковнигі Т.Е.Сүлейменов және   жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушысы полиция майоры Ж.А.Жукаева баяндамаларын баяндады.

ІІО-ның қызметкерлерінің тарапынан азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықты қолдану, қысымшылық, аңду, қорқыту және ар-намысын қорлау аталған мәселені шешу мақсатында дөңгелек үстелге қатысушылардың ұйымдасқан пікір-таластары мен қойылған сұрақтарды талқылау негізінде әдістемелік нұсқамалар ұсынылды.

Дөңгелек үстел соңында шақырылған қонақтарға, баяндамашыларға, сонымен қатар дөңгелек үстелге белсене қатысқан біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларына алғыс хатпен марапатталды.

Жалпы білім беру пәндері

кафедрасының бастығы

п.ғ.к., полиция полковнигі                                              

Ә.Ф. Саттарова

 
IMG_6786