Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Калашников автоматынан және Макаров тапаншасынан оқу-жаттығу атысын өткізу туралы

2016 – 2017 оқу жылының кәсіби қызметтік тақырыптық жоспарына сәйкес 2017 жылғы 13-15 маусым күндері Ақтөбе қаласындағы әскери бөлімінің полигонында сағат 14:30-18:00 аралығында институттың тұрақты құрамымен оқу-жаттығу атысы сабақтары өткізілді. 9 мм МТ мен 5,45 КА-нан жаттығулар орындалды.

Атыс жаттығуларын орындау алдында атыс қаруларын және оқ-дәрілерді пайдалану барысында қауіпсіздік шаралары нұсқаулығы қайта өткізілді. Атыс шебінде қызметкерлер қаруды ұстауын, ату жағдайын қабылдауды, ілмені басудың әртүрлі тәсілдерін, көздеу техникасын және ату өндірісін қайталап орындады.

Атыс кезінде төтенше жағдайлар орын алған жоқ.

Сүлейменов Н.Қ.

КЖБ аға инспекторы полиция капитаны