Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Құқықбұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидасы

2017 жылғы институттың «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру жоспарына сәйкес, 2017 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы құқықтық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және  1курс курсанттары адамдар көп жиналатын орындарда әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасымен дайындалған ішкі істер органдарының сенім телефондары көрсетілген құқық бұзушылыққа қарсы визиткалар (буклеттер) тарататын волонтерлер отрядын құрды.      

Құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидасын дәріптейтін іс-шара қаламыздың Бірінші Президент саябағында өтті. Акция барысында қала тұрғындарына тәртіпті нығайтатын және азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеретін науқан парақшалары таратылды.

Әрі қарай қала қонақтарына институттың 1 курс курсанттарының күшімен «Город порядка» тақырыбында флешмоб ұйымдастырылды.  Құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілікті» насихаттау кезінде қаланың 2000-ға жуық тұрғыны қамтылды. Маусым айының аяғына дейін созылған үш айлық тазарту жұмыстары аясында институттың ауыспалы құрамы Ақтөбе су қоймасының жағалауын тазартты. Аталған іс-шараға БАҚ шақырылып, фото және бейнетүсіріліммен өткізілді.

«Қазақстан-Ақтөбе» телеканалына құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидасы қоғамда қалыптастыру бойынша жалпы құқықтық пәндер кафедрасы бастығының орынбасары Т.Илайков және жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушы полиция майоры М.Салауатов сұхбат берді.

З.А.Мухангалиева
ТЖБ инспекторы
полиция капитаны

 
03 IMG_9308 IMG_2401