Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Институттың тұрақты және ауыспалы құрам арасындағы шағын футбол жарысы

Институт іс-шараларының жоспары кестесіне сәйкес 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні және Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 2017 жылғы 24 сәуірде  ауыспалы құрам  арасында және осы жылдың 27 сәуірінде шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Ауыспалы құрам арасында жарысқа 4 команда қатысты. Жарыста ұпай санымен «Динамо» командасы 1-ші орынға шықты, 2-ші орынды — «Сұңқар» командасы, 3-ші орынды — «Қыран» командасы иеленді.

Осы шағын футбол жарысында «Үздік шабуылдаушы» номинациясына 101- оқу тобының курсанты Акмурзаев Акылбек Смагулович, «Үздік қорғаушы» номинациясына  104 – оқу тобының курсанты Алимов Ерсын Берикович, «Үздік қақпашы» номинациясына 103 – оқу тобының курсанты Құрманғали Нұрлан Ришатұлы ие болды.  

Ал тұрақты құрамға келетін болсақ, жарысқа 7 команда қатысты. Жарыста ұпай санымен 1-ші орынға «Арлан» командасы, 2-ші орынға «Астана» командасы, 3-ші орынға «Динамо» командасы шықты. «Үздік шабуылдаушы» номинациясына «Динамо» командасының ойыншысы  полиция аға лейтенанты Нұржанов Саламат Боғдаулетұлы, «Үздік қорғаушы»   номинациясына «Спартак» командасының ойыншысы полиция аға лейтенанты Қосмұратов Айбек Қабашұлы, «Үздік қақпашы» – номинациясын «Арлан» командасының ойыншысы полиция майоры Минайдаров Сагинтай Мухитұлы ие болды. Шағын футбол жарысында әр команда ойыншылары жеңіске деген үлкен ұмтылыс көрсетті.

 

М.Д.Нұршаев

ӘжДШД кафедрасының бастығы

полиция полковнигі

 
10259076 IMG_8008