Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Бірлік күні қарсаңындағы шара

2018 жылғы 26 сәуірде С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені» атты мерекелік кеш өтті. Кеште ҚР ІІМ  М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы кітапхана мен мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесінің қызметкерлері қатысты.

Аталмыш шараның мақсаты – жастарды патриотизмге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу, өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауды үйретуге атсалысу.

Сонымен қатар, шараға «Возрождение» Ақтөбе облыстық немістер қоғамының бірлестігінен, «Қазақстан кәрістер ассоциациясынан», «Алеся» белорусь этномәдени орталығының қоғамдық бірлестігінен қонақтар қатысып, шараға қатысушылар мен кітапхана оқырмандарын келе жатқан Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтады. Қонақтар этномәдени орталықтар мен бірлестіктердің негізгі құрылу мақсаттары мен жұмыстарын таныстырып, өз ұлттарының мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне, сондай-ақ, музыкалық аспаптарына, тұрмыста қолданатын ұлттық бұйымдары мен киімдеріне ерекше тоқталды.

Шара соңында көрермендер өзге ұлт өкілдерімен естелік фотоға түсті.  

Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесі

 
DSC01976