Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Біріккен көлік жүйесі: даму сатылары, қалыптастыру мәселелері, жетілдіру жолдары» тақырыбындағы курсанттардың қатысуымен өткізілген халықаралық жоғарғы оқу орындары арасындағы on-line режиміндегі виктроина

 

 

2018 жылдың 30 наурызында сағат 12.00 де  Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының  және Ресей ІІМ И.Д. Путилин атындағы Белгород институтының курсанттары арасында  «Біріккен көлік жүйесі: даму сатылары, қалыптастыру мәселелері, жетілдіру жолдары» тақырыбында курсанттардың қатысуымен халықаралық жоғарғы оқу орындары арасындағы on-line режиміндегі виктроина өткізілді.

Шараны Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары  полиция подполковнигі Г.Ж.Сүлейманова ашып, сонымен қатар салтанатты шараны ашу үшін Ресей ІІМ И.Д. Путилин атындағы Белгород институтының көлік обьектілеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету кафедрасының бастығы полиция подполковнигі Александров Алексей Николаевичке және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты әкімшілік құқық және ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі кафедрасының бастығы полиция майоры Балымов Ерлан Қуанышұлына  сөз кезегін берді.

Өз кезегінде екі кафедра бастықтары кезекті «басқарушылық үрдістерді» викторина жүргізушілеріне: Ресей жағынан Ресей ІІМ И.Д. Путилин атындағы Белгород институтының көлік обьектілеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Тетерюк Александр Григорьевичке және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты әкімшілік құқық және ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі кафедрасының оқытушысы полиция майоры Калипова Сауле Рахимжанқызына табыс етті. 

Екі жақтың команда капитандары өздерінің құрамын таныстырып, бір-біріне сәттілік тіледі.

Өткізілген шара барысында Ресей жағының жүргізушісінен командаларға даму тарихынан көліктік кешендерді жетілдіру бағыттары мен қалыптастыру мәселелері бойынша 30 сұрақ қойылды, жауап беруге 60 секунд уақыт берілді, ал бағалаудың басты мақсаты викторина жүргізушілерімен анықталған жауаптардың дұрыстығы және толықтығы болды.

Викторина қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 1-курс 103 оқу тобының курсанттары үздік атанды.

 Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары  полиция подполковнигі Г.Ж.Сүлейманова қатысушы курсанттардың дайындықтары өте жақсы деңгейде екендігін атап өтіп, өздерінің біліктіліктерін көрсеткен курсанттарға алдағы болашақ қызметтерінде сәттілік тіледі. Көрсетілген машықтар тәжірибеде қажет болатындығын айтып өтті.

Қорытынды сөз сөйлеу барысында екі жақтың өкілдері барлық викторинаға қатысушыларға халықаралық ынытымақтастықты нығайтуға қосқан үлестері үшін және екі жақты қарым-қатынасты одан ары жетілдіруге өздерінің тілектерін білдірді. 

 

 

ӘҚжІІО ӘҚ кафедрасының

оқытушысы

полиция майоры                                                  

А.С.Махмутов