Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Жалпы әскери кедергілерден өту» атты тақырыпқа ашық сабақ өткізу туралы

2017 жылдың 17 маусым күні ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы АЗИ спорттық алаңында физикалық дайындық пәні бойынша «Жалпы әскери кедергілерден өту» атты тақырыпта ашық сабақ өтті. Бұл ашық сабақты әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Д.А. Дүйсембаева бірінші курстың 101 оқу тобында өткізді.

         Сабақтың барасында келесі сұрақтар қарастырылды:

  1. Жалпы физикалық даярлық
  2. Кедергілер жолағынан өту

Сабақтың дайындық бөлігінде арнайы жүгіру жаттығулары, орнында тұрып және жүріп жасалатын жалпы дамытушы жаттығулар берілді.

Негізгі бөлікте жалпы физикалық дайындыққа арналған жаттығулар, арнайы жүгіру жаттығулары жасатылды.

Сабақтың қорытынды бөлігінде иімділікке арналған жаттығулар, ағзаны қалыпты күйге қалпына келтіретін жаттығулар, сонымен қатар өзіндік дайындыққа арналған тапсырмалар берілді. Сабақтын мақсаты орындалды. Оқытушымен курсанттарды бағалайтын критерийлер құрастырылды, сол бойынша балдар қойылды. Курсанттарға кедергілер жолағынан дұрыс өту бойынша ескертулер жасалды. 

 

 

 

М.Д. Нұршаев

«ӘжФД» кафедрасының бастығы

полиция полковнигі