Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Криминалистикалық тактиканың жалпы ережелері» тақырыбында өткізілген ашық дәріс сабағы туралы

2019 жылғы 01 қарашада кафедра жоспарына сәйкес қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Н.А. ЧупринюкКриминалистика пәні«Криминалистикалық тактиканың жалпы ережелері» тақырыбы бойынша арнайы бастапқы оқыту курсының 8-взвод тыңдаушыларына ашық дәріс сабақ өткізді. Сабақ барысында тақырыпқа сәйкес екі теориялық сұрақтар қарастырылды:

1. Криминалистикалық тактиканың міндеті, жүйесі және түсінігі. 

2. Криминалистикалық тактиканың негізгі түсінігі.

Кіріспе бөлімінде оқытушы сабақтың тақырыбы және оның орындалу жоспарымен таныстырды. Сондай-ақ, тыңдаушыларғакриминалистикалық тактиканың жалпы ережелері мен тергеу әрекеттері туралы түсіндірді.

Негізгі бөлімдепрезентациялық материалдар тыңдаушылардың нәтижелі жұмысына ықпал ететін бейнероликтер мен слайдтар көрсетілді. Тыңдаушылар тақырыпқа қызығушылық танытып, сұрақтарға жауап беріп, сабаққа белсенді қатысты.

Сабаққа дайындалу барысында ашық дәріс сабағын өткізуге арналған әдістемелік өңдеу және әдістемелік ұсыныстар пайдаланылды.

Ашық дәріс сабағына институттың профессорлық-оқытушылық құрамы қатысып, оң пікір білдірді. Өткізілген ашық дәріс сабақ өз мақсатына жетті.

 
07 IMG-20180507-WA0158