Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы» пәнінен сыналатын семинар сабақтары

2018 жылғы 2 және 4 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы полиция лейтенанты Г.А. Байкунакова «Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы» пәнінен 1 «А» курсының 104 және 105 взводтарының курсанттарына «Ежелгі Грекия және Ежелгі Рим мемлекеттері мен құқықтары» тақырыбында сыналатын семинар сабақтарын өткізді.

Аталған сыналатын семинар сабақтарына институт бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Г.Ж. Сулейманова, ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы полиция подполковнигі А.Қ. Каримбаева, оқу-әдістемелік орталығының оқытушы-әдіскері полиция капитаны Д.С. Муканова, күндізгі оқу факультететінің аға оқытушы-әдіскері полиция майоры А.С. Галиуллина және күндізгі оқу факультететінің оқытушы-әдіскері полиция капитаны Ж.Ж. Аксакова қатысты.

Взвод курсанттары өз еріктерімен 3 мемлекетке — Спартаға, Грекияға және Римге бөлінді. Курсанттардың міндеті Спарта, Ежелгі Грекия және Ежелгі Рим мемлекеттері мен құқықтарының пайда болуы туралы көрсету және баяндау болатын. Курсанттар өз қойылымдарында гладиаторлық жекпе-жектерді көрсетіп, спарталықтардың өмірі жайлы, Александр Македонскийдің жорықтары мен жеңістері, патшаларды тақтан құлату және мемлекеттердің отбасы құқығы туралы баяндады.

Аталған семинар сабақтың мақсаты курсанттардың актерлік қабілеттерін көрсету ғана емес, мемлекет пен құқық институттарының пайда болуын, қалыптасуын және дамуын олардың басты тарихи түрлерінде зерттеу, ойлау қабілеттері мен ептіліктерін көрсете отырып, уақыт пен кеңістікке сай дамушы мемлекеттік-құқықтық үрдістердің мазмұнына талдау жасау.

Жалпы құқықтық пәндер

кафедрасының оқытушысы

полиция лейтенанты

Г.А. Байкунакова