Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Қазіргі ғылымның өзекті сұрақтары» халықаралық ғылыми – теориялық конференция аясында курсанттар (студенттер) үшін заңгердің ғылыми – тәжірибелік мектебінің қатысушыларына өткізілген халықаралық семинар

 2018жылдың 5 сәуірінде «Қазіргі ғылымның өзекті сұрақтары» халықаралық ғылыми – теориялық конференция аясында қылмыстық құқық және криминология кафедрасы курсанттар (студенттер) үшін заңгердің ғылыми – тәжірибелік мектебінің қатысушыларына халықаралық семинар өткізді.

Семинарға Орынбор мемлекеттік университетінің студенттері, Ресей Федерациясы ІІМ Омск академиясының курсанттары, сонымен қатар ҚР ІІМ М.Есболатов ат. Алматы академиясы, ҚР ІІМ Б.Бейсенов ат. Қостанай академиясы, ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев ат. Қарағанды академиясы, ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары қатысты.

 «Кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыстарға қарсы іс – қимыл бойынша заңдылықтарды әрі қарай жетілдіру» тақырыбынаөткізілген семинар сабағын Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қылмыстық құқық және криминология кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.Ж. Сейтенов ашты. Семинарға қатысушылармен амандасқан соң сөз қылмыстық құқық және криминология кафедрасы бастығының орынбасары полиция полковнигі И.Н.Аяпбергеновке берілді. Семинар 2 бөлімнен тұрды, әр бөлім 50 минут өткізілді.

Семинар сабағының бірінші бөлімінде полиция полковнигі И.Н.Аяпбергенов «Кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына және жыныстық бостандығы қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы» тақырыбына баяндама оқыды, ары қарай 103-топ курсанты А.К.Жаксимбетов өз баяндамасымен ортаға шықты, ол Ресей Федерациясының заңдылығына байланысты кәмелетке толмағандар арасындағыкәмелетке толмағандардың жыныстық бостандығы және жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыстардың алдын алу сұрақтары туралы талқылап тақырыпты ашты. Қорытындысында 103-топ курсанты М.Калдаман «Кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік» тақырыбында баяндама оқыды.

Сабақтың екінші бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың арақатынасы және кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыстарға қарсы іс – қимыл бойынша заңдылықтарды әрі қарай жетілдіруге байланысты өзекті сұрақтар қарастырылып, оқиғалық тапсырмалар шешілді.

Сабақты қорытындылай келе, студенттер мен курсанттар тарапынан Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыстарға қарсы іс – қимыл бойынша заңдылықтарды жетілдіруге қатысты сұрақтар қойылды. Жоғарыда көрсетілген сұрақтарға толық жауаптар берілді, пікір талас орын алды.

Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессор – оқытушылар құрамы өткізілген семинар оқу процесіне жақсы және негізді жетілдіру тәжірибесін көрсетті деп есептейді.

ҚҚжК кафедрасының бастығы

полиция полковнигі

А.Ж.Сейтенов

 
13